Жаһандану мен ақпараттық қоғамға көшу және экологиялық, әлеуметтік өзгерістер білім беру жүйесіндегі құбылыстар мен процестердің күрделі үйлесімін қамтитын кең ауқымды мәселелерді зерттеуге және дәстүрлі пәндерді біріктіретін зерттеулер жүргізуге түрткі болуда. Себебі, білім беру мен оқу процесін жоспарлауда, жеке пәндер бойынша алынған терең білімді біріктіру және сабақта пәнаралық оқыту тәсілін қолдану өте маңызды. Осы орайда, аталған зерттеу, география және жаратылыстану ғылымдары білім беру технологияларын біріктіретін пәнаралық салаларды зерттеуге бағытталды. Зерттеудің мақсатына сәйкес, мектеп географиясын оқытуда пәнаралық тәсілді пайдалану тиімділігі теориялық талдау, жүйелеу, бағалау, сауалнама және кодтау әдістері арқылы анықталды. Алматы қаласы Алатау ауданының 52 мұғалімі ерікті түрде 9 сұрақтан тұратын сауалнамаға жауап берді. Алынған жауаптарды мазмұндық талдау үшін әрбір респондент P1-ден P52-ге дейінгі кодпен белгіленді. Респонденттерді жыныстық бөлу 73% әйел және 27% ер мұғалімді құрады. Нәтижелерге анализ жасай келе, география мұғалімдерінің 84,6% география сабақтары пәнаралық білімге жарамды деп санаса, 11,5% ішінара қолайлы, ал 3,9% дұрыс емес деп жауап берді. Сондай-ақ, респонденттер пәнаралық білім берудегі мұғалімдердің құзыреттілігі деген сұраққа 55,8% география мұғалімдері пәнаралық білім беруге құзыретті емес, 19,2% ішінара құзыретті, ал 25% құзыретті деп көрсетті. Сонымен қатар, география мұғалімдерінің шағын бір тобы география сабағы пәнаралық оқыту әдісін қолдануға жеткіліксіз деген пікірде. Бұл пікір, әрине, географиялық тақырыптармен байланысты емес, бірақ отандық білім беру жүйесі ұстанатын қазіргі оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен байланысты болды. Сонымен, география сабағын пәнаралық тәсілді пайдаланып оқыту әр түрлі пәндердің интеграциясы шеңберінде когнитивті дамуды, абстрактілі ойлауды, шығармашылықты және проблемаларды шешу дағдыларын арттыра алады. Алайда, мұғалімдер пәнаралық тәсіл негізінде сабақтарды өткізу үшін алдын ала пән мұғалімдерімен тақырыптық жоспар құруы, әдістемесін жасауы және жоспарлы түрде дайындық жасауы қажет.
МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫН ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ ТӘСІЛДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
Жарияланған August 2023
141
160
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Сарсебаева А., Абдиманапов Б., Усенов Н., Исаков Е. МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫН ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ ТӘСІЛДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ // Педагогика және психология. – 2023. – № 2(55). – С.231–243: DOI: 10.51889/2077-6861.2023.30.2.021 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1315 (дата обращения: 27.11.2024)