Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Бейнелеу өнері және басқа пәндермен байланыстары

Жарияланған December 2021

179

122

КазНПУ им.Абая
Аңдатпа

Мақалада пәнаралық байланысты зерттеген ғалымдардың еңбектері қарастырылып, бір-біріне жақын пәндер бойынша өтілетін материалдарға сүйене отырып, білімді жүйелі меңгертуге ықпал жасайтындығы айтылады. Әр оқыту әдістері танымдық және практикалық іс-әрекеттерді ұйымдастыратын, осы әдістердің мақсатына сәйкес білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін оқытудың жүйесін құрайды. Пәнаралық байланыстың оқушылардың оқу материалын терең қабылдауын, ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік туғызуын, пәнге деген қызығушылығын арттыруын, шығармашылық іс-әрекет біліктілігін туғызып, дамытуға ынталандыратындығы көрсетілген. Бейнелеу өнері сабағының әдебиет, тарих, геометрия, технология т.б. сабақтарымен пәнаралық байланыстылығы оқушының ақыл-ойын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, эстетикалық танымын жетілдіруге және эмоциялық әсер алуына ықпал ететіндігі қарастырылған. Пәнаралық байланыстың орнықтырылуы олардың бір-бірімен өзара байланыстылығы мен бірлігінде және ауқымды интегративтік байланыстар арқылы ғана жүзеге асыруға болатындығы айтылған.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Abisheva O., Derbisova M., Tanabayeva A., Karbozova A. Бейнелеу өнері және басқа пәндермен байланыстары // Педагогика және психология. – 2021. – № 4(49). – С.195–201: DOI: 10.51889/2021-4.2077-6861.23 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/440 (дата обращения: 21.11.2024)