Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫН ОҚЫТУДА ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жарияланған December 2022

169

170

Abai Kazakh National Pedagogical University
Аңдатпа

Бұл мақалада, мектеп географиясын оқытуда географиялық ақпараттық жүйелерді (ГАЖ) пайдаланудың мүмкіндіктері кең көлемде қарастырылды. Географияны оқытудың маңызды технологиялық құралы ретінде – географиялық деректерді сақтау, іздеу, картаға түсіру және талдау үшін қолданылатын аппараттық және бағдарламалық жасақтама жүйесі талқыланды. Сондай-ақ, зерттеу мақсатына сәйкес, Қазақстан Республикасының мектеп географиясы бағдарламасында және оны оқыту процесінде ақпараттық технологияларды пайдалану деңгейі анықталды. Зерттеу нәтижелері сауалнама әдісі арқылы айқындалды. Сауалнама география пәні мұғалімдерінен алынды. Сауалнамаға Қазақстан Республикасының түрлі облыстары мен қалаларынан 133 мұғалім өз еркімен қатысты және олардың 86,8 % - ының ГАЖ жайлы білетіндігі белгілі болды. Сонымен қатар, 12,8 % - мұғалімнің жұмыс істейтін мектебінде MapInfo, 21,8 % - ArcGIS, 25,6 % - QGIS, 15,4 % - EduGIS, 6,4 % - Arc-Explorer, 16,7 % - OpenStreetMap және 1,3 % - OpenJUMP бағдарламаларының бар екендігі анықталды. Сауалнама деректерін талдау үшін мұғалімдер екі топқа бөлінді: 2021 -2022 оқу жылында ГАЖ негізінде сабақ жүргізген мұғалімдер (64,2 %) және ГАЖ негізінде сабақ жүргізбеген (ГАЖ-мен жұмыс істемейтін) мұғалімдер (35,8 %) болып. ГАЖ қолданған мұғалімдер өткізген сабақтардың жиілігі туралы сұраққа 14,6 % - мұғалім «бір» сабақ, 12,2 % -ы «екі», 8,9 % - ы «үш» және «төрт», ал, 19,5 % мұғалім «бес және одан көп» сабақ деп жауап берді. Сауалнама нәтижесінде мұғалімдердің 50,4 % - ы ГАЖ қолдануды интернет арқылы (Google, YouTube, Instagram және т.б.), ал, 26 % - ы біліктілік көтеру курстарынан үйренгендігі анықталды. Сондай-ақ, географияны оқытуда 55,3 % мұғалімнің ГАЖ қолдану тәжірибесі 1-4 жылды, 12,2 % - 5-9 жылды, 2,4 % - 10 және одан көп жылды көрсетті, алайда, сабақ барысында ГАЖ қолданбайтындардың үлесі 30,1 % құрады. Сондықтан, Қазақстан Республикасының 9, 10 және 11 сыныптарға арналған география пәнінің типтік оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаты мен ұзақ мерзімдік жоспарына талдау жасадық. Нәтижесінде, мектеп географиясын оқыту барысында ГАЖ қолдануға кедергілердің барлығы белгілі болды: негізгі себеп ретінде қажетті бағдарламалардың болмауы; ГАЖ қолдануда тәжірибенің болмауы; уақыттың жетіспеушілігі және ГАЖ бағдарламаларының күрделілігі аталды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Лайсханов Ш., Усенов Н., Исаков Е., Мырзалы Н. МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫН ОҚЫТУДА ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ // Педагогика және психология. – 2022. – № 4(53). – С.94–104: DOI: 10.51889.7770.2022.26.80.008 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1057 (дата обращения: 21.11.2024)