Мақала цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілердің педагогикалық үрдісте атқаратын рөлін анықтап, заманауи баланы тәрбиелеу мен оқытудың әдістерін жаңарту жолдарын қарастыруға арналған, Z ұрпағының өкілдеріне салыстырмалы мінездеме берілген. Z ұрпағының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін «Tik Tok» әлеуметтік желісінің мүмкіндіктері және артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілген. Бастауыш мектептің оқушыларына, ата-ана және мұғалімдерге арнап сауалнама құрастырылған. Жүргізілген сауалнама нәтижелері талданып, оқу-тәрбие процесінде «Tik Tok» желісінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары ұсынылған және цифрлық құрылғылар мен әлеуметтік желілердің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы сараптама кестесі жасалған. Z ұрпақты тәрбиелеуде ата-аналарға көмек болатын әдебиеттерге сілтеме жасалған. Авторлар сандық құзыреттер мен ақпараттық мәдениетке қатысты мазмұнды қорытынды жасауға әрекет жасаған.
Z ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Жарияланған June 2022
298
466
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Z ұрпақ;
ұрпақ ерекшелігі;
әлеуметтік желі;
«Tik Tok» әлеуметтік желісі;
әлеуметтік желінің мүмкіндіктері;
цифрлық технология.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Бейсенбаева А., Жұмаадан А. Z ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ // Педагогика және психология. – 2022. – № 2(51). – С.102–111: DOI: 10.51889/2022-2.2077-6861.12 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/952 (дата обращения: 24.11.2024)