Мақала тақырыбының өзектілігі аналитикалық психология құралдары арқылы (архетиптер теориясы) қазақ киім үлгісінде көшпенділер архетиптерін теориялық негіздеу қажеттілігінен туындады. Зерттеудің мақсаты көшпелілер мәдениетінің рәміздерінің архетиптерін аксиологиялық талдау негізінде сахналық қазақ киіміндегі ұлттық рухани құндылықтарды түсіндіру. Зерттеу әдістері – сауалнамалық-мәдениеттану, гносеологиялық, аксиологиялық, ғылыми-теориялық, құрылымдық-семиотикалық, герменевтикалық, мәдениетаралық талдау, аналитикалық психология (архетиптер теориясы), өнертану, семантикалық, сценографиялық, жобалық және көркемдік. Зерттеу құралдары – жоғары оқу орындарындағы Өнер білім беру бағдарламаларын оқыту әдістемесі, архетиптер теориясының психологиялық-педагогикалық негіздері, пәнаралық, сахналық қазақ костюмі. Зерттеудің нәтижесі ұлттық рухани құндылықтарды түсіндіру және өнер бакалаврларын дайындауда киім үлгісін оқыту әдістемесінің ғылыми-педагогикалық аспектілерін теориялық тұрғыдан негіздеу болып табылады. Теориялық және әдістемелік зерттеу негізінде «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы Мемлекеттік бағдарламалардың парадигмаларын ескере отырып, өнер бакалаврларын даярлау әдістемесін жаңғыртуға болады деген қорытындыға келді.
Көшпендер рәміздердің архетиптері (қазақ костюмінің мысалы бойынша).
Жарияланған December 2022
110
83
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Жангужинова М., Ербол А., Ашинов Р., Талгатбекова А., Абекова А. Көшпендер рәміздердің архетиптері (қазақ костюмінің мысалы бойынша). // Педагогика және психология. – 2022. – № 4(53). – С.54–65: DOI: 10.51889/7016.2022.55.61.026 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/929 (дата обращения: 4.12.2024)