Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде студенттердің ассертивті мінез-құлқы дамуын психологиялық зерттеу өзекті мәселелердің біріне айналды. Ассертивті мінез-құлық – сыртқы әсерлерге тәуелді болмай, өз құқығын қорғай білу және өз мінез-құлқын реттей білу сапаларын қамтитындығы жан-жақты зерттелген. Ассертивтілікті қалыптастыруда смарт-ресурстарды ұтымды қолдану, қарым-қатынаста қақтығыстарды бақылау, өзіндік шешім қабылдау маңыздылығы анықталған. Буллинг – жағымсыз агрессивті мінез-құлық болғандықтан, оның ассертивті мінез-құлыққа кері әсер ететіндігі, сондықтан стресті жеңу білу, өз-өзіне сенімді болу – ассертивтілікті қалыптастыру мен жетістікке жетудің тиімді тәсілдері екендігі дәлелденген. Келесі зерттеу әдістері қолданылған: ғылыми-теориялық, психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, дискуссия, «Ассертивтілік», «Ассертивті мінез-құлықты диагностикалау» сауалнамалары, С.Хобфоллдың «Стрестік жағдайларды жеңу стратегиялары» әдістемесі, алынған мәліметтерді өңдеу. Зерттеуде маңызды психологиялық қасиеттердің болуын қамтитын негізгі үш фактор арқылы студенттердің ассертивті мінез-құлқын дамыту жүзеге асырылған, олар: танымдық белсенділік, әлеуметтік-мотивациялық, коммуникативтік әрекет және эмоционалды-еріктік тұрақтылықтың ішкі бірлігі болып табылады.
СТУДЕНТТЕРДІҢ АССЕРТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ДАМУЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Жарияланған June 2022
200
381
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Сматова К., Балтабаева А. СТУДЕНТТЕРДІҢ АССЕРТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ДАМУЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ // Педагогика және психология. – 2022. – № 2(51). – С.59–69: DOI: 10.51889/2022-2.2077-6861.07 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/815 (дата обращения: 21.11.2024)