Мақалада «Күлтөбе қалажұрты» археологиялық паркі мысалында тақырыптық кеңістікті қалыптастырудың тұжырымдамалық тәсілдердің ерекшеліктері қарастырылған. «Күлтөбе қалажұрты» археологиялық ескерткіші ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген нысан – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің буферлік аймағында орналасқан. Археологиялық парктің негізгі аумағы 27 га құрайды. Қазіргі уақытта зерттеліп отырған қалажұрт төрт негізгі тарихи кезең тұрғысындағы қаланың өмірін бейнелейді. Кезеңдерге – ежелгі кезең – I-б.з. II ғасыр, ерте ортағасырлық VI-X ғғ., ортағасырлық кезең – XI-XII ғғ. – Х.А. Ясави дәуірі және кейінгі ортағасырлық кезең (XVI-XIX ғғ.) – Қазақ хандығының кезеңі жатады. Жалпы алғанда, әр түрлі дәуірдегі 50-ден астам археологиялық ескерткіштер шоғырланған, яғни: ашық жерлерде археологиялық парк құру идеясының даму- ына серпін берген қаңлылардың көне ғибадатханаларынан бастап, Қазақ хандығы кезеңіндегі ғимараттарға дейін бар.
Автор мақалада ашық аспан астында нысандарды мұражайлау, эксперименттік археологияның «ғылыми қайта құруды» әзірлеу, Түркістанның ежелгі және ортағасырлық тарихына арналған мұражай экспозиция- лары және туристік көрсетілімге арналған қазіргі таңда қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан археологиялық нысандарға кешенді тәсілдерді жүзеге асырумен үйлестірірілген Күлтөбе қалажұрты паркін жобалауда кейбір аспектілерін ашып көрсетеді.