Мақалада Алматы қ. бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтерін, Алматы облысы колледждерінің инженерлік-педагогикалық қызметкерлерін және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамын арттыру курстарының тиімділігіне жүргізілген зерттеу деректері ұсынылған. OECD-дың педагогтардың және мектептердің әкімшілік-басқару персоналының біліктілігін арттыру бойынша халықаралық зерттеулерінің нәтижелерін ескере отырып, ПОҚ-на арналған сауалнамалар әзірленді және колледж мен біліктілікті арттыру қызметтері провайдерлері қызметкерлеріне сауалнама материалдары әзірленді. ПОҚ және Алматы қ. педагогтермен сауалнама жүргізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің инженерлік-педагогикалық қызметкерлері мен ПОҚ біліктілігін арттыру қызметтерінің жетекші провайдерлерінің («Назарбаев Зияткерлік мектептері» Акционерлік қоғамының «Педагогикалық шеберлік орталығы», «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы, «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы) және колледж қызметкерлерімен сұхбат жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылар жинақталған және ұсынылған. Халықаралық тәжірибені зерделеу және біліктілікті арттыру тиімділігін талдау негізінде ИПҚ мен ПОҚ педагогтердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын жетілдіру үшін ұсынымдар әзірленді.
Қазақстандағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының тиімділігін зерттеу
Жарияланған June 2022
309
400
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Кариев А., Сапиева М., Топанова Г. Қазақстандағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының тиімділігін зерттеу // Педагогика және психология. – 2022. – № 2(51). – С.5–13: DOI: 10.51889/2022-2.2077-6861.01 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/681 (дата обращения: 22.11.2024)