Қоғамның болашақ мұғалімдерге, оның ішінде суретші-ұстаздардың алдына қоятын маңызды талаптардың бірі–олардың үнемі ізденуге дайындығы және мамандандырылған өнер оқу орындарында оқыту үдерісі барысында шешілуі қажет мәселелердің бірі "көркемдік талғам мен шығармашылық ойлауды"қалыптастыру болып отыр.
Алғашқы мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, оқушы кейбір қолайсыздықтарға тап болуы мүмкін. Өйткені, бүгінгі таңда барлық мектептерде жоғары жабдықталған технологиялық сыныптар жоқтың қасы, ескірген оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар оқушылардың оқу мотивациясына кедергі жасап, оның едәуір төмендеуіне әкеліп соғатыны белгілі, және осы жәйт әрдайым мұғалімдерді оқытудың заманауи құралдары мен әдістерін жаңаша іздеуге мәжбүр ететіні рас.
Мақалада компьютердің оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерде қолданылуы және оқу үдерісінде компьютерлік ойындарды белгілі бір оқу тапсырмасымен біріктірілуі, оқушыға оқу материалын оңай игеруге мүмкіндік беріп, оны тиісті мотивациялық компоненттер арқылы шығармашылыққа бағыттау мәселелері қарастырылады.