Мақалада ұлттық қолданбалы киіз басу өнерін бірлесіп оқыту жағдайында, есту қабілеті нашар 5-7 сынып оқушыларының қарым-қатынасының мазмұндық компоненттерін қалыптастырудың ерекшеліктері қарастырылған. Киіз басу үрдісі – есту қабілеті нашар оқушылардың ұжыммен бірлесе орындайтын тиімді іс-әрекет ретіндегі ерекшелігі негізделді. «Көркем еңбек» пәндік-практикалық сабақтарында есту қабілеті нашар оқушылардың сөйлеу коммуникациясының қалыптасу ерекшеліктері; бірлесіп, ұжыммен орындалатын іс-әрекетте сөйлесу тілін және танымдық белсенділігін арттырудағы киіз басу өнерінің маңыздылығы эксперименттік тұрғыда анықталды. Ұлттық қолданбалы киіз басу өнерін оқыту үрдісінде есту қабілеті нашар оқушылардың компенсаторлық (орын алмастыру, толықтыру) мүмкіндіктерінің нәтижелері көрсетіледі.
БІРЛЕСІП ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН КИІЗ БАСУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Жарияланған December 2021
94
100
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Абдуллина К., Жиенбаева Н. БІРЛЕСІП ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН КИІЗ БАСУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ // Педагогика және психология. – 2021. – № 4(49). – С.218–228: DOI: 10.51889/2021-4.2077-6861.26 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/494 (дата обращения: 24.11.2024)