Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Әлеуметтік экология ұғымының мәні және адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас

Жарияланған December 2021

194

88

Казахский национальный педагогический университет имени Абая
Аңдатпа

Қазіргі экологиялық мәселелер тек қана биологиялық мазмұнмен шектеліп отырған жоқ, соңғы онжылдықта экологиялық зерттеулер  әлеуметтік бағытқа ие болып, «адам-табиғат-қоғам» жүйесі арақатынастарын реттеп, басқарушы экологияның жаңа бір саласы әлеуметтік экологияның туындап, дамуына әкелді. Әлеуметтік экология идеяларын адамның және адамзаттың барлық табиғат жүйелеріне араласуы; антропогенді факторлардың әсерінен табиғат жүйелерінің эволюциясы мен өзгеру жылдамдығы; табиғат жүйелеріне геологиялық күштер мен адамның салыстырмалы және сипатты әсерін құрайды. Жалпы әлеуметтік экология ұғымы  әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тікелей байланысты дамиды, сондықтан, оны шешу үшін жаратылыстану, қоғамдық және техникалық ғылым салаларының кіріктіру қажеттігі туындады. Бұндай кіріктіру біріншіден, жаңа пәнаралық зерттеулердің жүргізілуіне әсер етеді, екіншіден, қазіргі оқытылатын пәндердің экологиялық мазмұны әдіснамалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етіледі. Адам мен қоғам ара-қатынасының жаңа кезеңі жүйелілік тәсілдерімен сипатталады, сондықтан мектепте білім беруді қазіргі заманғы әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастыруға қайта бағдарлау қажет. Мұны біз мектептегі жаратылыстану-ғылыми пәндерді бір-бірімен байланыстыру арқылы экологияландырудан көреміз. Экологиялық білім беру бүгінгі таңда мектеп бағдарламалдарына толығынан еніп, оның жаңа бір құраушысы әлеуметтік-экология көрініс таба бастады. Мақалада жаратылыс-ғылыми пәндері мазмұнындағы әлеуметтік-экологиялық ұғымының мәні және адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәселелері талқыланады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Кошербаева Ш., Karbayeva S. Әлеуметтік экология ұғымының мәні және адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас // Педагогика және психология. – 2021. – № 4(49). – С.26–34: DOI: 10.51889/2021-4.2077-6861.04 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/445 (дата обращения: 22.11.2024)