Мақалада Әзірбайжанның химия саласындағы өткені мен бүгіні салыстырылады. Кезінде жоғары октанды бензинді ашқан әзірбайжандық ғалымның Ұлы Отан соғысындағы жеңісімізге үлес қосқаны айтылды. Соған қарамастан, бүгінде Әзірбайжан химия өнеркәсібінде айтарлықтай артта қалды. Химия өнеркәсібінің артта қалған салалары тізбеленген. Міне, сондықтан химияны дамытуға үлкен қажеттілік бар. Химияны дамыту үшін мектепте химияны заман талабына сай оқыту қажет. Бұл қиындықты АКТ және оқытудың жаңа әдістерін шебер қолдану арқылы шешуге болады. Бұл әдістердің ішінде модельдеу ерекше орын алады. Модельдеу бойынша соңғы ғылыми-әдістемелік әдебиеттер егжей-тегжейлі және қысқаша талданып, автор бұл мәселе бойынша өз көзқарасын білдірді. Содан кейін нақты мысалдарға сүйене отырып, әртүрлі тақырыптарда модельдеуді қалай қолдану керектігі көрсетілді. Әр тақырып үшін әртүрлі модельдеу суреттері көрсетіледі. Нәтижесінде Х сыныптарда эксперимент жүргізілді. Екі сыныпта да бір тақырып оқытылды. Эксперимент нәтижесі автор ұсынған гипотеза өзін ақтап шыққанын көрсетті. Бақылау сыныбында оқушылардың математикадан алған бағасы 3,84%-ға, ал химиядан 3,41%-ға жоғарылады.
Соңында модельдеуді қолданудың теориялық және практикалық маңызы туралы айтылған қорытынды жасалды. Басқа әдіс сияқты оның тәрбиелік мәні де бар. Осыдан келіп, әдістеменің тәрбиелік мәні ойға алынды.
Органикалық химияны оқытуда моделденуді қолдану
Жарияланған December 2021
134
74
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
әдіс; модельдеу; химия өнеркәсібі; диірмен шарының моделі; модельдеудің теориялық маңызы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Ахундова У. Органикалық химияны оқытуда моделденуді қолдану // Педагогика және психология. – 2021. – № 4(49). – С.202–211: DOI: 10.51889/2021-4.2077-6861.24 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/419 (дата обращения: 21.11.2024)