Ғұлама ақын Абай мұралары әлеуметтік-педагогикалық пікірлерге толы. Ендігі мәселе сол ойларды қайткенде және қалай әлеуметтік-педагогикалық жұмыс тәжірибесінде пайдалануға болады. Мақаланың мақсаты-ақын мұраларындағы әлеуметтік-педагогикалық ойлардың бір пәресін көрсетіп, осы жұмыста қолдану мүмкіндігін айқындау. Мектеп, жоғары оқу орындары, орта білім ұйымдарында «Абайтану» пәні оқытылғанымен оларды күнделікті тұрмыста пайдалану жолдарына назар аударылмай келеді. Себебі «Абай- тану» осы абайтанудан ары бармай, оның шығармаларының зор практикалық әлеуеті ашылмай, іс-жүзінде қолдану жолдары қарастырылмай келеді. Бұл ретте ғұлама ақын шығармаларындағы әлеуметтік-педагогикалық ойларды ашып көрсетіп, оны жұмыс тәжірибесіне ендіру мүмкіндігін көрсету.
Өлеңді әлеуметтік-тәлімдік мақсатта пайдалану, ұтымды нәтиже беретініне сенімдіміз. Өйткені ол әр балаға, жеткіншек пен бозбалаға түсінікті жүрегіне жақын. Олардың әр қайсысы осы өлеңнен өзін көреді, өзінің қылық-жорықтарын көз алдына келтіреді және сол арқылы өзіне сын тұрғыда көз салады. Өлеңді қайта тәрбиелеу, қатарға қосу, түзету мақсатындағы шараларды ұйымдастыруда пайдалануға әбден болады.