COVID-19 пандемиясының алғашқы толқыны кезінде Қазақстан қатаң жалпы әлемдік процедураларды ұстанды. Білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға көшіру туралы үкіметтің маңызды шешімі қабылданды. Дәстүрлі оқы-тудан қашықтан оқыту форматына күрт көшу педагогикалық практиканың алдына заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу тура-лы ғана емес, сонымен қатар оқытудың жаңа форматының параметрлерін өзгерту және құру туралы мәселе қойды. Осыған байланысты пандемияның бірінші толқыны кезеңінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты қарау маңызды да мәнді болып табылады. Демек, қазіргі уақытта дағдарыс жағдайында (пандемия, табиғи апат және т.б.) әртүрлі бағдарламалық іс-шаралардың нақты тиімділігін түсіну үшін ғылыми зерттеулерге шұғыл қажеттілік туындайды. Алайда, Қазақстанда пандемия кезінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері туралы ғылыми негізделген зерттеулердің әртүрлі елдер ғалымдарының зерттеулерімен салыстырғанда, шектеулілігі байқалады. Зерттеудің жаңалығы: пандемия басталған кезеңде қазақстандық контексте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру процесі қаралады, дағдарыстық жағдайда оқытудың жаңа тәсіліне лайықты баға беру үшін оқыту процесінде анықталған проблемалар тұжырымдалады. Практикалық маңыздылығы: бұл зерттеу қазақстандық контексте қашықтықтан оқытудың дағдарыстық жағдай-ларда білім беру қызметтерін қолдаудағы рөлін көрсете отырып, қолданыстағы әдебиетті толықтырады.
Дистанционное обучение во время пандемии COVID-19: академическая аналитика в казахстанском контексте
Жарияланған December 2021
174
83
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
COVID-19 пандемиясы; қашықтықтан оқыту; ұйымдастыру; проблемалар; тәсілдер; орта мектеп; мектеп оқушылары; мұғалімдер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Абилхаирова Ж., Баймағанбетова Ж., Бекмұрзаева Р., Нургалиева С. Дистанционное обучение во время пандемии COVID-19: академическая аналитика в казахстанском контексте // Педагогика және психология. – 2021. – № 4(49). – С.12–18: DOI: 10.51889/2021-4.2077-6861.02 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/309 (дата обращения: 21.11.2024)