Бұл мақалада бала дамуының дағдарысы туралы айтылады. Автордың айтуынша, даму кезеңінде баланың психикасы белгілі кезеңдерден өтеді, оны сынақтан өту кезеңі деп атайды. Осы жас кезеңдерінде баланың ішкі әлемінде қарама-қайшылықтар пайда болып, оның ата-аналармен және қоғаммен қарым-қатынасы өзгереді. Дағдарысты жеңе отырып, бала психикалық дамудың жаңа кезеңдеріне өтеді, оның мінезі, ішкі әлемі мен өзіндік санасының қалыптасуы баланың қиын кезеңдерді жеңуіне байланысты болады. Егер ата-ана осы қиын уақытта балаға қатысты дұрыс емес әрекет жасаса, онда жүйке психикалық аурулардың пайда болу қауіпі жоғарылап, бала өз-өзіне деген күмәндану, өзін-өзі төмен бағалау, өзін-өзі қорлау және қоршаған ортаға деген сенімсіздік пайда болады.
Бала дамуының дағдарысы – дамудың заңы. Бала дамуындағы дағдарыс бір жас кезеңнен екінші кезеңге, дамудың жоғары сатысына өту болып саналады. Әрбір бала осы кезеңнен өтуі қажет, нақты дағдарысты басынан кешірмеген бала одан әрі дамымайды. Автор бала дамуындағы дағдарыстың келесі түрлерін ерте және мектепке дейінгі жаста анықтап көрсетеді: жаңа туған нәрестенің дағдарысы, өмірдің бірінші жылындағы дағдарыс, үш жылға келген баланың дағдарысы, алты жастан жеті жасқа дейінгі дағдарыс. Мақалада жоғарыда көрсетілген баланың дамуындағы дағдарыстар туралы толық сипаттама берілген және оларды жеңудің жолдары көрсетілген.