Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Татарстан Республикасының білім беру жүйесіндегі инклюзивті тәжірибенің даму өлшемшарты ретінде педагогикалық қызметке дайындық

Жарияланған June 2021

102

95

Приволжский өңіраралық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау орталығы
Аңдатпа

Пәнаралық зерттеуде Татарстан Республикасының Білім беру жүйесінде инклюзивті білім беру тұжырымдамасын іске асыру мәселелері қарастырылады. Педагог қызметкерлердің денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеуге дайындығының жеткіліксіздігі өзекті мәселе болып табылады, осыған байланысты білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған білім беру-түзету жұмыстарының инновациялық технологияларын жобалау және іске асыру қабілетін дамытумен байланысты педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Республикалық білім беру жүйесінде инклюзивті білім беру тұжырымдамасын іске асырудағы қиындықтар және олардың жаңа жағдайларда белсенді қатысуға дайындығы туралы педагог қызметкерлердің пікірлерін анықтау зерттеудің мақсаты болып табылады. Автордың зерттеу нысаны ретінде педагогикалық дискурс таңдалды. Бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдерінің жазбаша жұмыстары (эсселері) педагогикалық дискурсты бейнелейтін байланыс кеңістігі ретінде пайдаланылды. Зерттеудің негізгі әдісі ретінде дискурстық талдау қолданылды. Педагогикалық дискурсты талдау нәтижелері мұғалімдердің түзету-педагогикалық қызметке дайындығының жеткіліксіздігі туралы зерттеу гипотезасын растады және барлық педагогикалық қызметкерлердің ортақ мәселесі еңбекке деген ынта-ықыластың жоқтығын; оқу процесін ұйымдастыруға қатысты арнайы білімнің болмауын; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін қажетті практикалық дағдылардың жеткідіксіздігін көрсетті. Мақалада келтірілген зерттеулер республикалық білім беру жүйесінде білім беру ұйымдарының желілік өзара іс-қимылын, педагогтарды тұрақты әдістемелік қолдауды, инновациялық педагогикалық тәжірибені таратуды пайдалана отырып, инклюзивті практиканы дамыту үшін жағдайлар жасалуы тиіс екенін айтуға мүмкіндік береді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Осиповская М., Лаукарт-Горбачева О. Татарстан Республикасының білім беру жүйесіндегі инклюзивті тәжірибенің даму өлшемшарты ретінде педагогикалық қызметке дайындық // Педагогика және психология. – 2021. – № 2(47). – С.143–152: DOI: 10.51889/2021-2.2077-6861.15 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/242 (дата обращения: 27.11.2024)