Бұл мақалада қоғам тарапынан оқу үдерісін ұйымдастыру мен сапасына қойылатын үздіксіз өсіп келе жатқан талаптар мәселелері қарастырылған. Бүгінгі күні XXI ғасыр студенттерінің жан-жақты дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болуда, неғұрлым тиімді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), атап айтқанда бұлтты-бағдарланған оқу ортасы (ББОО) жылдам қарқынмен дамуда. ЖОО-ның бұлтты-бағытталған оқу ортасын жобалаудың теориялық-әдістемелік негіздерін дамыту мәселелері және оның бұлтты технология- ларды қолдану негізінде министрліктің әдістемелік орталығымен өзара әрекеттесуінің құрылымдық схемасын негіздеу талданды. ПОҚ-ның жаңа үлгідегі сабақтарды ұйымдастыру және өткізу, студенттердің оқу қызметін жандандыру, сандық құзыреттілікті қалыптастыру және тұлғаның жан-жақты дамуы бойынша сұраныстарын барынша толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін оқу ортасының осындай үлгілерін енгізу қажет. Мұндай мүмкіндіктер ЖОО-ның бұлтты-бағытталған оқу ортасын пайдалануға мүмкіндік береді.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
бұлтты-бағытталған оқу ортасы; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; сандық құзыреттілік; виртуалды кабинет
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Ахметов Б., Лахно В., Адранова А., Касымбергебаев Б. ЖОО-ның бұлтты-бағытталған оқу ортасының даму мәселесі // Педагогика және психология. – 2020. – № 1(42). – С.50–56: DOI: 10.51889/2020-1.2077-6861.06 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/19 (дата обращения: 21.11.2024)