Мақалада білім беру жүйесінің сапасын қамтамасыз ету тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде маңызды мәселе ретінде қарастырылады, өйткені қазіргі уақытта университеттер «тұтыну нарығы» болып табылады және студенттер білім беру бағдарламаларын, институттарды, кітапханаларды, ресурстарды таңдап, білім ала алады. Шетелдік және отандық зерттеулерді талдау негізінде (G.D. Doherty, C.Bayne-Jardine, P.Zaharias, C.Pappas, S.Vlašić, S.Vale, D. K. Puhar, D. W.Chapman, D. K. Adams, D.Hopkins, L.Ed. Crawford, P. Shutler, K.K. Navaratnam, F. J. Fernandez Cruz, I. Egido Galvez, R. Carballo Santaolalla, J.Arcaro, A.M.Barrett, R.Puyt, N.Taskov, E.Mitreva, H.T. Ingason, F.Laevers, A.Calvo‐Mora, A.Leal, J. L. Roldán, Belohlav J. A., L. S.Cook, D. R. Heiser, M. M. H.Frederiks, D. F.Westerheijden, P. J. M. Weusthof, О.Е.Пермяков, А.К. Кусаинов, т.б.) жоғары білім беру жүйесіндегі сапаны қамтамасыз ету негіздерін анықтау. Авторлар студенттердің сапасы, оқыту ерекшеліктері, академиялық ережелер және әкімшілік қолдау сияқты жоғары білім сапасының аспектілерін атап көрсетеді. Білім сапасы мемлекет пен қоғамның экономикалық дамуының негізі болып табылатын білім сапасы мемлекеттік маңызы бар міндет ретінде халықаралық талаптарға сай қарастырылады. Талданған зерттеу, Қазақстанда және шетелде жоғары оқу орындары қызметінің сапасын қамтамасыз ету және бағалау жүйелерін құру кезінде, сапаны басқарудың әртүрлі тәсілдері, әдістері мен критерийлері қолданылатынын көрсетті: университет қызметінің сапасын басқарудың бағалау әдісі (SWOT талдауы); TQM стратегиясы; ISO 9000:2000 халықаралық сапа стандарттарының талаптарына негізделген тәсіл. Қазақстан ISO 9000:2000 халықаралық сапа стандарттарының талаптарына негізделген менеджмент моделін таңдаған.
ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
Жарияланған October 2024
66
0
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Zadayeva A., Zhumagulova V., Satbekova A., Seidullayeva G. ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГІЗДЕРІ // Педагогика және психология. – 2024. – № 3(60). – С.66–75: DOI: 10.51889/2960-1649.2024.60.3.007 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1750 (дата обращения: 21.11.2024)