Мақалада Қазақстан Республикасында бейресми білім берудің негізгі ресурстарының бірі ретінде Coursera платформасында жаппай ашық онлайн курстарды пайдалану талқыланады. Зерттеу авторларының пікірінше, бейресми білім беру студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуының стратегияларының бірі болып табылады. Зерттеудің мақсаты – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге бейресми білім беруді ұйымдастыруды сипаттау және оның студенттердің оқу үлгеріміне әсерін анықтау. Авторлар зерттеу процесінде жиналған нәтижелерді теориялық және салыстырмалы талдау, мазмұнды талдау, педагогикалық эксперимент және тестілеу әдістерінің кешенін пайдалана отырып ұсынды. Жұмыста параметрлік емес статистикалық тест Mann-Whitney U тесті және SPSS Statistics 27.0 бағдарламасы сияқты математикалық статистика әдістері қолданылды. Педагогикалық экспериментке Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2 және 3 курсының 64 студенті қатысты. Деректер Coursera платформасындағы 4 жаппай ашық онлайн курстарынан жиналды: “Leading teams: Building Effective Team Cultures”, “Effective Problem Solving and Decision Making”, “Project Management: The Basics for Success” and “Successful Negotiation: Essential Strategies and Skills”. Жүргізілген эмпирикалық зерттеу және жасалған қорытындылар Coursera платформасындағы жаппай ашық онлайн курстар оқу үлгерімінің деңгейін 15,6%-ға арттыратынын, студенттерге университеттен тыс мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін, сонымен қатар метатанымдық қабілеттерін дамытатынын көрсетті.
«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге бейресми білім беруді ұйымдастыру
Жарияланған October 2024
138
0
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
бейресми білім
кәсіби даму
тұлғаны дамыту
Coursera
оқу үлгерімі
университет студенттері
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Alimova S., Кuanysheva B., Akhmetova A., Ayapbergenova G. «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге бейресми білім беруді ұйымдастыру // Педагогика және психология. – 2024. – № 3(60). – С.5–13: DOI: 10.51889/2960-1649.2024.60.3.001 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1741 (дата обращения: 21.11.2024)