Бұл мақалада қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ шетел тілі мұғалімінің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Әдеби дереккөздерге егжей-тегжейлі талдау жасалды, нәтижесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды, цифрлық ресурстарды, әр түрлі құрылғыларды, электрондық байланыс құралдарын, телекоммуникация қызметін игеру арқылы білім алушылар мен оқытушылардың жанама өзара әрекеттесуі ретінде айқындалатын «қашықтықтан оқыту» ұғымының мәні ашылды. Қашықтықтан оқыту эволюциясының келесі кезеңдері қарастырылады: корресподенттік білім, кейс оқыту, трансляциялық оқыту, басы - желілік оқыту. Қашықтықтан оқытудың классикалық білім беру дәстүрлері бар бір университет негізінде қашықтықтан оқыту; бірнеше оқу орындарының ынтымақттастығына негізделген қашықтықтан оқыту; арнайы құрылған университеттерде қашықтықтан оқыту сияқты үлгілері анықталды. Қашықтықтан оқытудың ұйымдастырушылық-әдістемелік негізін құрайтын жүйе де қарастырылды, ол келесі ішкі жүйелерден тұрады: маркетингтік, оқу-материалдық, қаржылық-әкономикалық және идентификациялық-бақылау ішкі жүйелері. Сонымен қатар, қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылды.
БОЛАШАҚ ШЕТЕЛ ТІЛІ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАГЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ МӘНІ МЕН РӨЛІ
Жарияланған September 2023
125
112
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Shakiyeva A., Zhorabekova A., Kurt T. БОЛАШАҚ ШЕТЕЛ ТІЛІ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАГЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ МӘНІ МЕН РӨЛІ // Педагогика және психология. – 2023. – № 3(56). – С.98–107: DOI: 10.51889/2960-1649.2023.15.3.011 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1508 (дата обращения: 24.11.2024)