Мақалада болашақ педагогтың мектепке дейінгі және бастауыш математикалық білім берудің сабақтастығын жүзеге асыруға дайындық мәселесі қарастырылады. Авторлар педагогикалық құбылыс ретінде сабақтастықтың философиялық, психологиялық, педагогикалық мәнін анықтайды. Сабақтастық білім берудің жалпы және ерекше мақсаты, баланың тиімді үдемелі дамуын, оның білім берудің келесі сатысына табысты ауысуын қамтамасыз ететін бірыңғай мазмұндық желіні құру ретінде белгіленген. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың типтік оқу бағдарламасы және мектепке дейінгі және бастауыш математикалық білім берудің сабақтастығын анықтау тұрғысынан 1-сыныптың оқу бағдарламасы талданды. Авторлар болашақ педагогтың мектепке дейінгі және бастауыш математикалық білім беру сабақтастығын іске асыруға дайындық құрылымын негіздейді, олар: мотивациялық, когнитивті, іс-әрекет және рефлексивті компоненттерді бөліп көрсетеді. Болашақ педагогтың мектепке дейінгі және бастауыш математикалық білім беру сабақтастығын іске асыруға дайындығының критерийлері, көрсеткіштері мен деңгейлері (төмен, орташа, жоғары) және тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері ұсынылған.
Мақала «2019 жылғы ЖОО үздік оқытушысы» гранттық қаржыландыру есебінен шығарылды.