Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

«УНИВЕРСИТЕТ 4.0» МОДЕЛІНЕ АУЫСУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІНІҢ ДАМУЫ

Жарияланған September 2023

133

158

Казахский национальный педагогический университет имени Абая
Аңдатпа

Мақала қазіргі білім беру кеңістігінде педагог қызметкерлердің сапалы жұмыс істеулері үшін, қажетті цифрлық құзыреттіліктерін сипаттауға арналған. Авторлар сандық құзыреттердің белгілі құрылымдарын келтіреді, оларды талдайды және табысты педагогикалық қызметті жетілдіруге ықпал ететін өздерінің негізгі құзыреттіліктер жиынтығын көрсетеді. Сондай-ақ мақала университет жағдайында болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін қалыптастырудың ықтимал тәсілдері қарастырады.

Мақаланың өзектілігі қазіргі қоғамда педагогтер меңгерулері тиіс негізгі құзыреттіліктердің бірі цифрлық құзыреттіліктің болуы және цифрлық құзыреттіліктің білім беру контекстінде үлкен маңызға ие болуымен байланысты. Қоғамда құзырлеттіліктің өлшеуші модельдері мен құрылымдардың көпшілігі жоғары оқу орындарының оқытушыларының цифрлық құзыреттілік деңгейін анықтауға бағытталған, яғни педагогтің технологияны тиімді пайдалануы үшін қажетті білім, білік және дағдылар жиынтығы өлшеуге бағытталғаны өзекті болып табылуды. Цифрлық экономиканың негізгі құзыреттер кешенін қалыптастыруға және қазіргі әлемде сұранысқа ие мамандарды даярлауға әсері де мақаланың өзектілігін көрсетуде. Мақалада 4.0 индустриясында сұранысқа ие жұмысшылардың құзыреттілік моделінің құрылымына, оның ішінде мінез-құлық және цифрлық дағдыларға қатысты кең таралған тәсілдер қарастырылады. Кәсіптік білім беру саласындағы белгілі бір нәтижелік көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкіндігіне талдау жүргізіліп, және осы негізде университет түлектерінің цифрлық құзыреттіліктерін дамытудағы мүмкіндіктері анықталған. Бірыңғай көзқарасты қалыптастыру мақсатында Қазақстандағы және шет елдердегі цифрлық құзыреттілік сипаттамаларының әртүрлі түсіндірмесі ұсынылған. Университеттерде цифрлық білім беру ортасын құру мүмкіндігін талдау үшін қазіргі болашақ мұғалімдердің цифрлық сауаттылық деңгейі бағаланған. Жұмыстың соңында авторлар цифрлық құзыреттілекке ие болу болашақ мұғалімдердің білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оқытудың табыстылығына  ықпал етеді деген қорытындыға келеді.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Zhunusbekova A., Zelvys R., Askarkyzy S., Bekzhanova B. «УНИВЕРСИТЕТ 4.0» МОДЕЛІНЕ АУЫСУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІНІҢ ДАМУЫ // Педагогика және психология. – 2023. – № 3(56). – С.88–97: DOI: 10.51889/2960-1649.2023.15.3.010 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1486 (дата обращения: 21.11.2024)