Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

АРНАЙЫ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ИНКЛЮЗИВТІ ҚҰЗЫРЕТТЕРІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН БАҒАЛАУЫ

Жарияланған September 2023

103

117

Казахский Национальный педагогический университет имени Абая
Аңдатпа

Мақала инклюзивті білім беру жағдайында арнайы педагогтардың жұмысқа дайындығы мәселелеріне арналған. Арнайы педагогтардың инклюзивті бағытталған кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың қазіргі жағдайы мен проблемалары талданады. Жалпы білім беру процесінде табысты жұмыс істеу үшін арнайы педагогтердегі инклюзивті құзыреттіліктердің маңыздылығы дәлелденеді, аталған құзыреттерді қалыптастыру бойынша жүйелі және кешенді педагогикалық қызметтің қажеттілігі негізделеді. Мақалада Павлодар қаласы мен Павлодар облысының жалпы білім беретін мектептерінің әкімшілігі мен педагогтарының арнайы ұйымдастырылған сұхбаттасуының қысқаша нәтижелері келтірілген, оның мақсаты арнайы педагогтардың инклюзивті бағытталған кәсіби құзыреттіліктерінің дайындығы мен қалыптасуына қатысты олардың пікірлерін анықтау болды. Педагогтар мен жалпы білім беру ұйымдарының әкімшілігі инклюзивті білім беру жағдайында өз қызметін тиімді жүзеге асыратын арнайы педагогтың кәсіби қасиеттеріне мыналар жатқызылғаны анықталды: құзыреттілік, педагогикалық этика, практикалық дағдылар, мүмкіндігі шектеулі баланы түсіну және қабылдау, икемділік пен бейімделу, баланың ерекшеліктеріне немесе білім беру жағдайына сәйкес қайта құру қабілеті, коммуникабельділік және ынтымақтастыққа дайындық, эмоционалды тұрақтылық және стресске төзімділік, пәнаралық топта жұмыс істеу дағдылары, жауапкершілік, еңбекқорлық, белгілі бір ұйымдастырушылық дағдылардың болуы және т. б.

Мақала ҚР ҒЖБМ  BR18574162 «Арнайы педагогтарды инклюзивті бағдарланған даярлау» бағдарламалық нысаналы қаржыландыру шеңберінде дайындалған.

pdf (English)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Билялов Д., Мовкебаева З., Дузелбаева А., Хамитова Д. АРНАЙЫ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ИНКЛЮЗИВТІ ҚҰЗЫРЕТТЕРІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН БАҒАЛАУЫ // Педагогика және психология. – 2023. – № 3(56). – С.79–88: DOI: 10.51889/2960-1649.2023.15.3.009 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1480 (дата обращения: 27.11.2024)