Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЗАҢ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН ЗЕРДЕЛЕУ ӘДІСТЕРІ

Жарияланған August 2023

109

103

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева
Аңдатпа

Бұл мақалада құқықтық лексиканы оқыту мәселесі қарастырылады. Құқықтық терминологияның негізгі сипаттамалары сарапталып, жүйелік құрылымы зерттеліп, дәлелденді.

Мақаланың мақсаты – заң терминдерінің қазақ тіл білімі тұрғысынан зерттелуін қарастыру, заң бағытында оқитын студенттерге қазақ тілін оқытудың негізгі әдістемелік тәсілдерін анықтау, аудармадағы баламалық мәселелерді талқылау болып табылады.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін жұмыс барысында келесі сипаттағы бірқатар міндеттерді орындау қажет: заң мамандықтарының студенттері үшін қазақ тілін оқыту әдіснамасының түйінді мәселелерін анықтау; Қазақстанның жоғары оқу орындарында жиі қолданылатын оқыту әдістерін қарастыру; отандық педагогтер сирек қолданатын оқытудың инновациялық әдістерін қарастыру; дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістемелерді талдау.

Мақала жазу барысында заң құрылымындағы ақпараттық, прагматикалық, танымдық қызмет талданып көрсетілді. Бұл мақаланың негізгі ғылыми жаңалығы.

Берілген жұмыста келесі зерттеу әдістері қолданылды: бақылау  әдісі,  сипаттау  әдісі,  жүйелеу  әдісі, лингвостатистикалық және құрылымдық талдау әдістері.

Зерттеу жұмысының  теориялық және  практикалық  маңызы  бар,  себебі  ұсынылған  тұжырымдама заң бағытында оқитын білім алушылар  үшін құнды ақпарат. Мамандықты толық меңгеру үшін арнайы ұғымдар, яғни терминдер деп аталатын лексикалық бірліктерді білу және дұрыс қолдану қажет екенін тағы бір рет атап өту қажет.

Салалық терминологияны зерттеудің жүйелі тәсілі оқыту процесін оңтайландыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Бұл өз кезегінде ғылыми білімнің жүйелілігін көрсетеді.

Кілт сөздер: заң термині, дәстүрлі және инновациялық әдістеме,  құрамбөлік, оқыту, тәжірибе, бақылау тобы, қалыптастыру..

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Жанжигитов С., Tok T., Orynkhanova G., Sabirova D. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЗАҢ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН ЗЕРДЕЛЕУ ӘДІСТЕРІ // Педагогика және психология. – 2023. – № 2(55). – С.44–53: DOI: 10.51889/2077-6861.2023.30.2.027 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1449 (дата обращения: 21.11.2024)