Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

БОЛАШАҚ ШЕТЕЛ ТІЛІ МҰҒАЛІМІНІҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Жарияланған August 2023

119

142

Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ
Аңдатпа

Аңдатпа. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығы білім беру саласындағы мемлекет саясатының маңызды принципіне – көпұлтты мемлекет жағдайындағы ұлттық мәдениеттерді, аймақтық мәдени дәстүрлер мен ерекшеліктерді дамытуға байланысты. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығы, кәсіби даярлықтың аса маңызды бөлігі ретінде, студенттерді ұлттық құндылықтарға, өз халқының этникалық мәдениеті туралы, этномәдени тәрбиенің және білім берудің теориясы мен әдістемесі туралы бірыңғай түсінікті қалыптастыруға бағыттайтынүздіксіз басқарылатын үдеріс. Бұл болашақ кәсіби педагогикалық іс-әрекетте этномәдени көзқарасты жүзеге асыруды қамтамасыздандырады. Болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығы әр түрлі сипаттағы (оқу, оқудан тыс, ізденіс, педагогикалық практика және т.б.) этникалық және этнопедагогикалық іс-әрекет принципі негізінде тиімді жүзеге асырылады, нәтижесінде студенттердің ұлттық мәдениетке деген көзқарасын қалыптастыру, этнопедагогикалық білімді жетілдіру, дүниетанымды, этникалық өзіндік сананы, мінез-құлықты, төзімділікті дамыту, сондай-ақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің қажетті құрамдас бөлігі ретінде мектептің оқу-тәрбие үдерісінде этнопедагогикалық материалдарды пайдалану мәселелері шешімін табады. Этнопедагогикалық даярлық барысында студенттерге "Этнопедагогика" курсы ұсынылады. Оның мақсаты - болашақ шетел тілі мұғалімдеріне халықтың этникалық мәдениеті мен педагогикалық мұрасын меңгерту және оны кәсіби іс-әрекетте шығармашылықпен тиімді пайдалануға даярлығын қалыптастыру болып табылады. Курстың міндеттері: этнопедагогиканың мәнін, мақсаттарын, міндеттерін меңгеру; халық педагогикасының даму тарихымен, мақсаттарымен, міндеттерімен, ерекшеліктерімен, тәрбиелік мүмкіндіктерімен танысу; қазақ ойшылдары мен жыршы-жырауларының шығармашылық мұраларында көрініс алған этнопедагогикалық идеялармен танысу; халықтың бала тәрбиесіндегі прогрессивті тәжірибесінің педагогикалық маңызын танып білу, оларды қазіргі заман тәрбиесінде қолдану қажеттілігін түсіну; болашақ шетел тілі мұғалімінің олардыбілім беру жүйесінің оқу-тәрбие үдерісінде шығармашылықпен пайдалану дағдысын қалыптастыру.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Узакбаева С., Сарканбаева Г. БОЛАШАҚ ШЕТЕЛ ТІЛІ МҰҒАЛІМІНІҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ // Педагогика және психология. – 2023. – № 2(55). – С.31–44: DOI: 10.51889/2077-6861.2023.30.2.026 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1434 (дата обращения: 21.11.2024)