Мақалада авторлар мектептер мен балабақшаларды инклюзивті білім беру жағдайында дайын болуын қамтамсыз ету, яғни инклюзивті мектептер мен балабақшаларды дамыту үдерісі мен қиындықтарын зерттеу мақсатындағы мәселелерді қарастырады. Зерттеуге құжаттарды зерттеу әдістері, сауалнамалық зерттеу әдістері, фокус-топтық сұхбат әдістері мен инклюзивті мектептер мен балабақшаларды дамыту үдерісі арқылы оларды бағыттайтын «Инклюзивтілік индексі» материалдар жиынтығын қолдана отырып нысанға алынған.
Моңғолия Парламенті, Моңғолия Үкіметі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Білім және ғылым министрі, Денсаулық сақтау министрі бұйрықтарымен бекітілген жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту, мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне қосу тәртібі жөніндегі бір қатар ресми құжаттарға талдау жасалды.
Зерттеуде Дархан-Уул аймағының №12 мектебі, №7 балабақшасы, Дорнод аймағының №1 мектебі, №8 балабақшасы, Дундгови аймағының «Говийн ирээдүй» кешенді мектебі, №3 балабақшасы, Ұланбатыр қаласының Сонгинохайрхан ауданы № 105 мектебі, № 253 балабақшасының «Қолдау көрсету тобы»-ның мүшелері қамтылған. Мақалада ұсынылған нәтижелер Моңғолиядағы инклюзивті мектептер мен балабақшаларды дамыту үдерісін әлі де қарқындату, анықталған қиындықтарды жою, балаларға сапалы білім беру қызметін тиімді қамтамасыз ету, педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін арттыру үшін білім саласы болып жан-жақты жауапкершілікті арттыру мәселелері анықталды.