Мақалада жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын ерекше білім алуға қажеттілігі бар студенттерге инклюзивті білім беруді жүзеге асыру жағдайында оқытуға психологиялық дайындаудың өзекті мәселесі қарастырылады. Нормативтік-құқықтық құжаттар мен қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары мектептегі инклюзивті практиканың жағдайы талданады. Жоғары оқу орындарының оқытушылары кездесуі мүмкін психологиялық-педагогикалық кедергілер сипатталған. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттерге білім беру процесін жүзеге асыруға оқытушылардың психологиялық дайындығының құрылымы оның кәсіби тәжірибесі мен пәндік мамандануына байланысы талданды. Мақала авторлары жоғары оқу орны оқытушысының инклюзивті білім беру процесін жүзеге асыруға психологиялық дайындығын мотивациялық-құндылық, аффективті, операционалды компоненттері негізінде түсіндіреді. Ерекше білім алуға қажеттілігі бар студенттер үшін арнайы жағдайлар жасауға қатысатын профессор-оқытушылар құрамының мониторингінің нәтижелерімен расталатын әрбір компоненттің мазмұны ашылады. Ерекше білім алуға қажеттілігі бар студенттерді оқытуды ұйымдастыру проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін ЖОО оқытушыларын даярлаудың арнайы жүйесін құру қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ
Жарияланған August 2023
134
158
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
инклюзивті білім
психологиялық дайындық
инклюзивті мәдениет
инклюзивті тәжірибе
мотивациялық-құндылық компоненті
аффективті компонент
операционалды компонент
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Стамбекова А., Калдияров Д., Ахмедиева К., Шмидт М. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ // Педагогика және психология. – 2023. – № 2(55). – С.156–170: DOI: 10.51889/2077-6861.2023.30.2.022 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1321 (дата обращения: 27.11.2024)