Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

БАЛАНЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТІСІ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

Жарияланған August 2023

167

160

КазНПУ им Абая
Аңдатпа

Эмоциялық интеллект бұл жұмыста адами капитал сапасына тікелей әсер ететін адамның қабілеті ретінде қарастырылды. Ғылыми техникалық прогресс нәтижесінде қоғамда орын алып отырған өзгерістер, дәлірек айтқанда құндылықтар, адамдардың әлеуметтік байланыстары және эмоциялық қарым-қатынастар адамның сәтті, табысты өмір сүруін анықтау сипатына ие. Авторлар батыстық зерттеушілердің теорияларын сарапқа салып, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалмен салыстыра отырып, эмоциялық интеллектінің өзіндік ерекшеліктерін көрсетуге, сонымен қатар жастар арасындағы суицид, білім мен тәрбие алудағы проблемалардың алдын-алу эмоциялық интеллект деңгейімен байланысын көрсетуге тырысты. Мақалада ресми статистикалық мәліметтерге талдау жасалып, анықталған проблемаларға ғылыми тұрғыда түсіндірмелер келтірілген.Эмоциялық интеллект адамның жеке интеллектуалды қабілеттерінің дамуынан әлдеқайда маңызды және әуелгі баста отбасында қалыптасатын тұтас қоғам құндылықтарының бастауы болып табылады. Бала кезден бастап эмоциялық қарым-қатынасқа түсу, қоғамда әлеуметтену, сапалы білім алу, білікті маман болу, жақсы жұмыс істеу, тіпті қоғамда бақытты өмір сүру эмоциялық интеллектінің даму деңгейіне тікелей байланысты. Авторлар мақалада эмоциялық интеллектінің адамның бала кезінен бастап өмір бойы серік болатынын алға тартып, оның қазіргі ақпараттық қоғамда жеке отбасынан бастап бүкіл қоғамның дамуына әсер етуші ерекше фактор екеніне ғылыми талдау жасады.

 

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Қилыбаев Т., Құдайбергенов Н., Молдагали Б. БАЛАНЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТІСІ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ // Педагогика және психология. – 2023. – № 2(55). – С.185–192: DOI: 10.51889/2077-6861.2023.30.2.018 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1286 (дата обращения: 24.11.2024)