Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ГЕЙМИФИКАЦИЯ: ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Жарияланған December 2022

181

247

Абай атындағы ҚазҰПУ
Аңдатпа

Қазіргі таңда  оқу-тәрбие қызметтін жандандыру мәселесінде ақпараттық- цифрландыру ерекше өзектілікке ие болып отыр. Бұл мақалада геймификация тұжырымдамасы ақпараттық-цифрлық білім беру технологияларын қолданудың тиімді  бағыттарының бірі болып табылады. Геймификация - оқытудың тиімділігін күшейту, оқу-танымдық белсенділікті арттыру, ойын элементтерінің дизайнын қолдану арқылы ынталандыру аясында жаңа тәсіл ретінде қарастырылған. Түрлі ғалымдардың жұмыстарын зерттеу арқылы геймификация ұғымына анықтама берілген.

Мақаланың мақсаты - өз кәсіби қызметінде геймификация элементтерін пайдалану арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған іс-әрекетін геймификациялық тұрғыдан  дайындай алу деңгейін анықтау болып табылады. Зерттеу мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды: «білім берудегі геймификация» ұғымын талдау және ұғымға анықтама беру; геймификация элементтерін пайдаланудың артықшылығын анықтау үшін сауалнама жүргізу және деректерді талдау; болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің геймификациялық  құзыреттіліктерінің негізгі компоненттерін бөліп көрсету.

Зерттеу әдіснамасын «білім берудегі геймификацияны қолдану мәселелері мен даму перспективасын» анықтауға арналған ғылыми зерттеулер арқылы алынған мәліметтерге мазмұнды талдау әдісіне негізделген талдаулар құрайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларын тәрбиелеу және оқытуда қолданылатын геймификацияның тиімділігін анықтаудың ғылыми және практикалық маңыздылығы: білім беруді геймификациялауда  кәсіби білім мен дағды (когнитивті), әдістемелік-ұйымдастырушылық, ақпараттық-коммуникативтік және құндылықты-мотивациялық қатынасы сияқты дайындық компоненттерін анықтау болып табылады.

Зерттеу жұмысының құндылығы: мақалада берілген мазмұнды талдау білім берудегі геймификацияның ерекшелігін сипаттауға, сапалық зерттеу әдісі кейс-стади  дизайны арқылы геймификацияны қолданудың артышылығын анықтау, оны дамыту перспективасын жасауға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижесінде геймификация элементтерін пайдалану тұлға бойында цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыруда: күрделі  міндеттерді жеңіл шешу жолын қарастыру, мобильді сервистік қосымшаларды қолдана білу, оқу мазмұны қамтылған мобильді ойын қосымшасын жасай алуда жақсы нәтиже береді.

Бұл мақала Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 2022 жылдың №3 келісім шартына сәйкес дайындалды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Жакупова А., Еркебаева С., Каримова Р., Тезел Шахин Ф. БІЛІМ БЕРУДЕГІ ГЕЙМИФИКАЦИЯ: ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ // Педагогика және психология. – 2022. – № 4(53). – С.198–207: DOI: 10.51889/1523.2022.16.86.030 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1278 (дата обращения: 21.11.2024)