Заманауи педагогика өткен дәуірдің философтары мен ойшылдарына көп қарыздар. Адамның танымдық ізденісінің тамыры тереңде жатыр. Ізденіс жолы философиялық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік, гуманитарлық, жаратылыстану зерттеулерінің көптеген салалары арқылы өтті. Жаһандану дәуірі, адамзат әлемі туралы білімнің кеңеюі, адамзаттың негізгі салаларының өзгерісі білім беру әлеміне толық серпін берді. Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында әлемдік кеңістікте педагогикалық білім беру теориясы мен тәжірибесін жаңартудың алғышарттары қалыптасты. Болашақ мұғалімдерді дайындауда жаңа технологиялар қолданылды. Педагогика ғылымында «тұлғалық-бағдарлы оқыту» ұғымының пайда болуы өткен дәуірдің ойшылдары мен зерттеушілерінің көптеген көзқарастарын анықтады. Педагогика және психология түрлі тарихи кезеңдерде тұлғалық-бағдарлы оқытуды түрлі тәсілдер арқылы қарастырды. Оқыту адамның қажеттіліктері үшін қажет құбылыс ретінде қарастырылады, бірақ тәжірибе теорияға қарағанда бай. Тұлғалық-бағдарлы оқыту жеке тұлғаға бағытталғандықтан, бұл тақырып бойынша көптеген тұжырымдамалар бар. Заманауи педагогикалық және психологиялық тұжырымдардың дүниетанымдық көздерін қалыптастыруда өткен дәуір ойшылдарының педагогикалық көзқарастары мен тұжырымдамаларының рөлі мен орны ерекше. Өткеннің қалыптасқан теориялары ойшылдардың көзқарастарын ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар әлеуметтік топтардың мүдделері мен өткеннің әлеуметтік-саяси шынайылығын көрсетеді. Мақалада тұлғалық-бағдарлы оқытудың тарихи алғы-шарттары қарастырылады. Сондықтан тұлғалық-бағдарлы оқытудың тарихи маңыздылығына ерекше көңіл бөлінеді.
HISTORICAL BACKGROUND OF PERSONALITY-ORIENTED EDUCATION
Жарияланған September 2023
251
0
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
personality; education; upbringing; teacher; student
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Paridinova B., Boranbayev A.. HISTORICAL BACKGROUND OF PERSONALITY-ORIENTED EDUCATION // Педагогика және психология. – 2023. – № 3(56). – С.5–15: DOI: 10.51889/2960-49.2023.15.3.015 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1272 (дата обращения: 24.11.2024)