Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

СТУДЕНТТЕРДІ МЕКТЕП˗КОЛЛЕДЖ-ЖОО ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІНДЕ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ

Жарияланған December 2022

124

239

КазНПУ имени Абая
Аңдатпа

Мақалада іс-әрекет, кәсіби іс-әрекет, кәсіби-педагогикалық іс-әрекет, даярлық, педагогикалық іс-әрекетке даярлық ұғымдарының педагогикалық-психологиялық аспектілері қарастырылады.

Зерттеу жұмысымызда философиялық, психологиялық-педагогикалық ғылыми еңбектерге талдау жасай отырып, тұжырымдаймыз: болашақ педагогтің кәсіби іс-әрекетін – оның педагогикалық процессте субьект-субьектілік өзара әрекеттесуінде оқыту, тәрбиелеу, әдістемелік, зерттеу, әлеуметтік-коммуникативтік функцияларын атқарудағы әрекеттер жиынтығы. «Мектеп-колледж-ЖОО» өзара әрекеттестігі негізінде мектеп пен колледж, университет ықпалдастығын, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары мен университет ғалымдарының ынтымақтастығын, ғылым мен білім сабақтастығын жетілдіру арқылы болашақ педагогтардың кәсіби іс-әрекетін дамыту мүмкіндіктері ашылатыны сөзсіз. Яғни, жүргізілген талдаулар жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде дуальді-бағдарлық оқыту жағдайында болашақ педагогтердің кәсіби іс˗әрекетке даярлаудың қазіргі уақытта қайта жанданғаны туралы айтуға мүмкіндік береді. Себебі, теориядан практикаға көшу керектігі мен қазіргі нарық сұранысына сай болу басты талап екендігі мәлім. Көптеген жылдар бойы ғалымдар мен практиктер болашақ педагогтың кәсіби даярлық үдерісін жетілдірудің тиімді жолдарын іздестіре отырып, оның практикалық құрамдас бөлігінің маңыздылығын түсінді. Бүгін, біз дуальді-бағдарлық оқыту болашақ педагогтің қазіргі заманғы кәсіби даярлығының практикалық бөлігін дамытуға аса қажет деп сеніммен айта аламыз.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Aitenova E., Әбдіғапбарова Ұ., Сматова К., Ризаходжаева Г. СТУДЕНТТЕРДІ МЕКТЕП˗КОЛЛЕДЖ-ЖОО ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІНДЕ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ // Педагогика және психология. – 2022. – № 4(53). – С.184–198: DOI: 10.51889/7503.2022.15.83.028 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1226 (дата обращения: 24.11.2024)