Дизартрияның көмескі түрі кезінде байқалатын мимикалық бұлшық еттер қызметінің жеткіліксіздігі дыбыс айтылуына айтарлықтай қатты әсер етпегенімен, баланың қарым-қатынас жасауына және әлеуметтенуіне жағымсыз ықпалын тигізеді. Бұл мақаланың мақсаты – бастауыш мектеп жасындағы балаларда дизартрияның көмескі түрі кезіндегі мимикалық моторикасында болатын ерекшеліктерді анықтау. Осы мәселе бойынша әдебиеттерге шолу жасалды. Зерттеудің келесі әдістері қолданылды: анықтаушы эксперимент барысында балалардың дене дамуын және неврологиялық жағдайын бағалау; мимикалық моторикасын тексеру. Зерттеу нәтижелері бойынша балалардың көбісінде перинаталды кезеңдегі зиянды ықпалдардың орын алғандығы, жиі ауыратын топқа жатқызылғандығы, физиологиялық тынысының бұзылыстыры, жеңіл деңгейдегі патологиялық невро¬логиялық белгілер байқалатындығы анықталды. Дизартрияның көмескі түрі бар кіші мектеп жасындағы балаларға көбінесе мимикалық бұлшық еттердің ұсақ дифференциялану жағдайында жиырылып, босаңсуын қажет ететін сынамаларды орындау қиынға соққандығы көрсетілді. Мимикалық моториканың жеңіл бұзылысы 60% балада, орташа дәрежелі бұзылысы 40% балада анықталды. Сынамаларды орындауда қиындыққа тап болу балалардағы жүйке жүйесі арқылы бұлшық еттердің басқарылуындағы бұзылыстардың салдарынан болса керек. Қолданылған сынамалар арқылы алынған мәліметтер көмескі дизартриясы бар балалардың мимикалық моторикасында болатын бұзылыстардың тетіктерін және құрылымын анықтауға, сонымен қатар соған сәйкес түзету-дамыту шараларын оңтайландыруға септігін тигізеді. Осындай тексеру жүргізу балалардың дене дамуының жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламаларын құрастыру барысында әр балаға арналған жеке сабақтардың ұзақтығын, жүктемесін тиімді түрде мөлшерлеуге мүмкінідік береді.
ДИЗАРТРИЯСЫ БАР БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МИМИКАЛЫҚ МОТОРИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған December 2022
132
156
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Шубаева Г., Байдосова Д., Борончиева Б. ДИЗАРТРИЯСЫ БАР БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МИМИКАЛЫҚ МОТОРИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ // Педагогика және психология. – 2022. – № 4(53). – С.141–151: DOI: 10.51889/7975.2022.13.41.015 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1101 (дата обращения: 24.11.2024)