Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

COVID-19 пандемиясын есепке ала отырып қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру (ағылшын тілін оқыту үлгісінде)

Жарияланған December 2022

89

80

KazNPU
Аңдатпа

COVID-19-ға байланысты жағдай тиісті білім контентін іріктеп алу қағидаттарын қайта қарау қажеттілігіне әкеліп соқты. Университетте шет тілдерін оқытудың өзекті талаптарының бірі – шет тіліндегі медиа өнімдерді түсінуге, пайдалануға және бағалауға дайындықты дамытуға бағытталған. Осы талаптарға сәйкес жоғары мектеп оқытушысы шет тілдерін оқытудағы қазіргі тенденцияларды басшылыққа алуы керек. Пандемия оқытуды ұйымдастыру процесіне, педагогикалық өзара әрекеттестікті  ұйымдастыру тәсілдеріне түзетулер енгізді. Қашықтықтан білім беру үдерісінде оқытушылар мен студенттер арасындағы интерактивті қарым-қатынасты ұйымдастыру өте маңызды.

Осы зерттеудің мақсаты Сovid-19 пандемиясы салдарынан пайда болған шектеулер контексінде қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктерін (ағылшын тілін оқыту үлгісінде) қарастыру болып табылады. Сауалнаманы Торайғыров атындағы университетте оқитын жүз он екі студент толтырды. Сауалнама нәтижелері бойынша, магистранттардың басым бөлігі қолданыстағы нұсқаулар мен білім беру ресурстары кәсіби құзыреттілікті дамытуға көмектеспейді немесе толық көмектеспейді деп санайды. Респонденттердің көпшілігі қашықтықтан оқыту контекстінде білім беру сапасын арттыру үшін өздерінің дайындық деңгейіне сәйкес келетін зияткерлік ресурстарды пайдаланбайды немесе толық пайдаланбайды деп мәлімдеді.

Бұл зерттеулер бакалавр және магистр дәрежелерін алуға арналған білім беру бағдарламаларын түзету үшін, студенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдалы болуы мүмкін.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Akparova Z., Оспанова Б. COVID-19 пандемиясын есепке ала отырып қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру (ағылшын тілін оқыту үлгісінде) // Педагогика және психология. – 2022. – № 4(53). – С.245–254: DOI: 10.51889/9817.2022.46.78.011 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1086 (дата обращения: 27.11.2024)