Ұсынылып отырған мақала қазіргі білім беру саласындағы бақылау-бағалау үдерісіндегі оқу-танымдық қызметті дамытудың проблемасына арналған. Соның ішінде критериалды бағалаудың білім алушының оқу-танымдық қызметін дамытудағы рөлін анықтау. Аталмыш зерттеудің мақсаты оқу-танымдық қызметтің критериалды бағалаудағы мәнін педагог-психолог ғалымдардың тұжырымдарына сүйене отырып анықтау болып табылады. Мақалада жасалған талдаулар мен тұжырымдарымыз критериалды бағалауды іске асыру барысында оқушының оқу-танымдық қызметін ұйымдастыруда көмек бола алады. Зерттеу барысында талдау, синтездеу, салыстыру әдістері қолданылып, критериалды бағалаудың оқу-танымдық қабілетті дамытуда маңызды рөл атқаратыны дәлелденді. Алынған нәтижелеріміз орта оқу орындары мен жоғары оқу орындарындағы білім берушілер мен критериалды бағалаудың теориялық қыры мен практикалық мәнін айқындап зерттеушілерге көмек бола алады.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Жарияланған August 2023
128
151
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
оқу-танымдық қызмет, жаңартылған мазмұндағы білім беру, критериалды бағалау, құзыреттер, оқуды бақылау-бағалау үдерісі
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Құрманова Б., Оңғарбаева Г., Балгазина Б. КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ // Педагогика және психология. – 2023. – № 2(55). – С.130–139: DOI: 10.51889/2077-6861.2023.30.2.004 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1077 (дата обращения: 27.11.2024)