Мақалада сюжеттік-рульдік ойындар арқылы мектепке дейінгі ересек балалардың эмоциональдық интелектісін дамытудың қажеттілік мәселесі көтерілген.
Автордың ойынша, қазіргі кездегі қоғамның дамуындағы мектепке дейінгі ересек балалар өзінің қатарластарымен, сондай-ақ өзін қоршаған ересектермен араласу кезінде қиналады, төңірегіндегі адамдармдың эмоцияларын түсінбейді, біреулердің жетістігіне қуану мен қайғысына ортақтасу дегенді білмейді. Осыған байланысты дәл осы кезеңде олардың эмоционалдық интелектілерін дамытуға көңіл бөлуді күшейту-маңызды.
Негілі бала, мектепке дейінгі ересек жасына эмоциональдық үлкен тәжірибелермен келеді: Эмоция болса, өзіндік сипатқа ие, олар баланың қозғалысынан, қимылдарынан, сөздерінен будақтап көрініп тұрады.
Мақала авторының дәлелдеуінше, ереаек балалардың қызметіндегі басыңқы түр, олардың эмоционалдық интелектісін дамытуда үлкен маңызы бар сюжеттік-рульдік ойындар болып табылады.
Мақалада сюжеттік-рульдік ойындар мектепке дейінгі ересек балалардың өздерінше «үлкеннің» рөлін ойнап, сол ойын жағдайында үлкендердің қызметі мен олардың арасындағы түрлі қатынастарды бейнелеуге әуестенетін шығармашылық тұрғыдан көрсетілген.
Сондай-ақ мақалада сюжеттік-рульдік ойындар барысындағы баланың кездескен қарым-қатынасты меңгере білуі, кезекті сәтте дұрыс қорытындылап, есте сақтай білуі мен қабылдауындағы аталмыш ойынның маңызы терең ашылған.
Сюжеттік-рульдік ойындар балалардың қиялдары мен бір нәрсеге көңіл бөлуді екшей білуін, белгілі бір мәселе мазмұнына құмар болу бейімділігін, өз қызметін бақылай білуге, алған бетінен қайтпау мен еркін қимылдай білуін дамытады.
Сол сияқты, сюжеттік-рульдік ойындар, әр түрлі эмоцмяларға толы: шаттану, мәз болу, таңқалу, қобалжу, сондай-ақ ойын барысындағы өкініш дегендерге мектепке дейңнгі үлкен балар оған тым шыншылдықпен қарайды, осылайша аталмыш ойын үрдістерінің барысында балалардың мейірімі артып, түсінігі мен көңіл күйі көтеріліп, ақыры ойын мен оның түрлері үздіксіз күрделену жағдайында сезіну үдерісі біршама белгілі бола бастайды.
Автордың көрсетуінде, ойынды құрастыру күрделенген сайын баланың сезімі неғұрлым тұрақты бола бастаса, бұл жерде сюжеттік-рульдік ойындар мектепке дейінгі ересек балалардың эмоциялық әлемін қалыптастырады.
Автор сюжеттік-рульдік ойындардың баланың эмоциональдық интелектісін дамытатынына, өзінің және басқаның эмациясын түсініп, бақылай білуге үйрететіндігіне, ойынға қатысушылардың эмоциональдық жағдайын түсінуіне, ойындағы қарсыластармен достық қатынас орнатуға, командамен жұмыс істей білуге, өзара түсінісудің бағасын бағамдауға, қайырымдылыққа, қабылдау мен кешіре білуді аңғаруға көмектесетіндігіне мән берген.