Төртінші өнеркәсіптік революция жоғары білім беру жүйесіне тікелей әсер ететіні белгілі. Осы қайта құру аясында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға қойылатын талаптар айтарлықтай өсті.
Қазіргі уақытта мамандарды даярлаудың көптеген заманауи технологиялары бар. Атап айтқанда, бірлесіп оқыту, жобалау әдісі, модульдік, аралас оқыту. Бұл мақалада білім берудің әртүрлі деңгейлерінде «Flipped classrooms» технологиясын қолдану ерекшеліктері қарастырылған. Осы технологияны қолданудың артықшылықтары мен шектеулері, оларды қолданудың теориялық және практикалық негіздері мен тұжырымдамалық тәсілдері анықталды. Осы цифрлық технологияны іске асыруға негізделетін қолданыстағы білім беру технологияларына сыни талдау жүргізілді. Жоғары мектепте оқытудың жаңа әлеуметтік сипаты және цифрлық технологияларды пайдалана отырып даярлау қажеттілігі – қазіргі заманғы жоғары мектептің міндеті болып табылады.