Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Іргелі ғылыми ұғымдарды қалыптастыру мәселелері

Жарияланған December 2022

93

94

КазНПУ имени Абая
Аңдатпа

Ұғымдар жүйесі – білімнің белдеу қазығы, барлық деректер солардың маңайына шоғырланады. Ғылыми ұғымдар арасындағы тәуелділікті білдіретін заңдар мен теорияларды игеру ұғымдарды меңгермейінше мүмкін емес болып табылады. Оқушылардың білім сапасының жоғары болуы оларда ұғымдар жүйесінің қалыптасу дәрежесіне байланысты болады. Ғылыми ұғымдарды оқушылардың меңгеруі, оны практикада, өмірде қолдана білуі олар мақсатты түрде оқытылғанда ғана жүзеге асады.

Оқушылардың пән бойынша білімі сапалы да, терең болуы үшін оларда жақсы меңгерілген өзара тығыз байланысты негізгі ұғымдар жүйесі қалыптысуы керек. Мақалада физикалық білімнің және физикалық ұғымдар жүйесінің құрылымдық элементтері көрсетілген. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына физикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі берілген. Физикалық ұғымдарды қалыптастырудың белгі-шарттары, көрсеткіштері және деңгейлері көрсетілген.

 

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Sydykova Z., Yerzhenbek B., Rakhimberdina A. Іргелі ғылыми ұғымдарды қалыптастыру мәселелері // Педагогика және психология. – 2022. – № 4(53). – С.226–235: DOI: 10.51889/1138.2022.58.27.004 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/970 (дата обращения: 27.11.2024)