Мақалада жоғары оқу орындарында лингвистикалық білім берудің ғылыми теориялық және әдіснамалық мәселелелері жан-жақты сипатталады. Ғылыми зерттеу жұмысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2022 жылғы Жас зерттеушілерге арналған ЖТН: 0122РКИ0048 – «Қазақ тілі лексикалық жүйесінің когнитивтік-концептуалдық негіздері» атты іргелі ғылыми-зерттеу жобасы аясында жүргізілді. Жоғары оқу орындарында лингвистикалық білім беру мәселесі педагогикалық жағынан бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің қатарына жатады. Лингвистикалық білім болашақ маманның интеллектуалдық әлеуетін арттырып, тұлғалық болмысын қалыптастырып, тілдік құзыреттілігін күшейтудегі маңызы жоғары факторлардың бірінен саналады. Жоғары оқу орындарындағы лингвистикалық білім берудің педагогикалық негізінде болашақ маманның тілді қарым-қатынас құралы ретінде ғана қарамай, тілдің мәдени, танымдық, кәсіби, грамматикалық, риторикалық, педагогикалық, әлеуметтік феномен тұрғысынан сарапталады. Тұлға болмысын қалыптастыруда лингвистикалық білімнің педагогикалық негізінде тілдің қолданбалы жағының дамуы, сөз байлығын арттыру, кәсіби тұрғыдан сөйлеу дағдысын дамыту, коммуникативтік ортада тілдік этикеттерді ұтымды пайдаланудың ерекшеліктері ғылыми-әдістемелік жағынан кеңінен қарастырылады.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Лингвистикалық білім, тіл, тілдік әлеует, педагогика, білім беру, тілдік құзыреттілік, тұлға, кәсіби маман, т.б.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Жиренов С. Білім берудің мәселелері мен келешегі // Педагогика және психология. – 2022. – № 2(51). – С.22–33: DOI: 10.51889/2022-2.2077-6861.03 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/926 (дата обращения: 27.11.2024)