Мақалада нашар еститін балаларға шет тілінен тұрмыстық ауыз екі сөздік қорын дамытудағы цифрлық технологиялардың рөлінің маңызы туралы айтылған. Сабақ берудегі цифрлық технологиялардың оқушыларға, ата-аналарға және де мұғалімдерге тиімділігі мен маңыздылығы қаншалықты өзекті екендігі осы мақалада теориялық және практикалық тұрғыдан қарастырылып, зерттеу жүргізілді. Теориялық тұрғыдан отандық, шетелдік ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалды. Талдау қорытынды бойынша тәжірбиелік тұрғыдан қарапайым халық арасында, дәлірек айтқанда әр түрлі салалардың магистранттарынан, студенттерiнен, доктаранттарынан және оқушыларынан онлайн түрде сауалнама алынып, жеткілікті нәтиже шығарылды. Онда, нашар еститін оқушыларға ғана емес, қарапайым оқушылар мен мұғалімдерге де цифрлық технологиялар әлі күнге дейін өзекті екендігі байқалды. Және де, сол өзектілікті шешу жолдары алуан түрлі болып жатқаны да айқын.
НАШАР ЕСТИТІН БАЛАЛАРҒА ШЕТ ТІЛІНЕН ТҰРМЫСТЫҚ АУЫЗ ЕКІ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ
Жарияланған June 2022
180
768
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Кілт сөздер: цифрлық технология, нашар еститін балалар, әдіс, сауалнама, ағылшын тілі, сөздік қор.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Сайдаева Б., Намазбаева Ж., Аутаева А. НАШАР ЕСТИТІН БАЛАЛАРҒА ШЕТ ТІЛІНЕН ТҰРМЫСТЫҚ АУЫЗ ЕКІ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ // Педагогика және психология. – 2022. – № 2(51). – С.207–216: DOI: 10.51889/2022-2.2077-6861.23 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/878 (дата обращения: 21.11.2024)