Мақалада жоғары педагогикалық оқу орнында оқылатын дәрісті дайындаудың педагогикалық технологиясының мазмұны және дәріс дайындаудың кезеңдері ашылады. Дәрістің мақсаты, құрылымы, дидактикалық функциялары, дәрістің түрлері жаңа мазмұнда анықталады. Кіріспе дәріс, ақпараттық дәріс, визуалды дәріс, кеңес беру дәрісі, әдейі шатастыру дәрісі, проблемалық дәріс және проблемалық дәріске қойылатын негізгі педагогикалық талаптар жүйесі айқындалады. Сондай-ақ, мақалада қазіргі таңда жоғары педагогикалық оқу орнындағы дәріске қойылатын педагогикалық талаптар жүйесі нақтыланады: тақырыптың өзектілігі; ғылымилық; тұжырымдамалық негіздің болуы; дүниетанымдық және әдіснамалық негіздің болуы; оқу жоспары мен пәннің бағдарламасына сәйкестігі; проблеманы қоя алушылық; біртұтастық пен жүйелілік; түсініктілік; мазмұндылық; шынайылылық; өмірмен байланыстылығы; практикалық мәнділігі; көрнекілік; пәнаралық байланыс; нәтижелілік; белсенділік; шығармашылық және т.б.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Бузаубакова К. Дәріс дайындаудың педагогикалық технологиясы // Педагогика және психология. – 2020. – № 3(44). – С.45–52: DOI: 10.51889/2020-3.2077-6861.05 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/87 (дата обращения: 27.11.2024)