Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Өзбек қобызы және оған арналған күйлер

Жарияланған June 2020

85

76

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория
Аңдатпа

Мақала өзбек хылқаның екі қыл ішекті, ысқышты қобыз аспабына арналған. Аталған аспап жайында біраз деректер мен оған аналған күйлер біршама ғалымдардың еңбектерінде жазылған. Бірақ осы уақытқа дейін өзбек қобызы және күйлері жайында арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілмеген.

Зерттеуде өзбек қобызы мен оған арналған күйлердің өзіндік ерекшеліктерін анықтау мақсаты қойылып, салыстырмалы-типологиялық, салыстырмалы-тарихи, жүйелі-этнофониялық (И.Мациевский) әдістер қолданылды.

Мақалада тұңғыш рет, өзбек қобызының эргологиялық ерекшеліктерімен қатар, бұрын-соңды белгісіз бо- лып келген өзбек халқының қобызында орындалған күйлер жайында сөз қозғалады. Біз өзбек қобызында орындалған Қорқыттың «Ботир күй» атты күйі мен «Най чалыш» күйлеріне назарымызды аударамыз. Өзіміздің кәсіби-орындаушылық мүмкіндіктерімізді қолдана отырып, аталған күйлердің кейбір орындаушылық екершеліктерін айқындаймыз.

Бұл жұмыс өзбек қобызының Орталық Азия жерін мекендейтін түркі халықтарының музыка мәдениетіндегі орнын айқындайтын алғашқыларының бірі болмақ. Сонымен қатар біз зерттеуде жазылған ой-тұжырымдарды нақты деуден аулақпыз және жұмыс тереңірек зерттеуді қажет етеді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Медеубек М. Өзбек қобызы және оған арналған күйлер // Педагогика және психология. – 2020. – № 2(43). – С.250–256: DOI: 10.51889/2020-2.2077-6861.34 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/82 (дата обращения: 23.11.2024)