Мақалада білімгердің өзіне деген сенімділігін арттыру үшін медиатехнологияларды креативті пайдаланудың жолдары мен ерекшеліктері теориялық және практикалық тұрғыда зерделенеді. Зерттеу барысында болашақ маманның өзін-өзі тану мәселелерімен айналысқан бірқатар шетелдік ғалымдардың көзқарастары мен кәсіби құзыреттілікті жетілдіруге орасан зор үлес қосқан қазақстандық ғалымдардың пайымдаулары қарастырылады. Әр түрлі аспектіде медиатехнологияларды креативті қолдануда психикалық механизмдерді өзіндік реттеушілік, өзіндік сана мен «Мен» танымдық және эмоционалдық қарым-қатынаста өздеріне деген сенімділіктің ерекшеліктеріне, рөлінің мәні мен мазмұнына талдау жасалады. Сонымен қатар білімгерлердің алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне, «бағалау» дағдылары мен қабілеттерін анықтау үшін әлеуметтік ортаның даму жағдайларының маңызына және олардың өзіндік рөліне салыстырмалы түрде талдау жасалады. «Өзін белсендендіру», «өзін-өзі бағалау», «өзін-өзі анықтау», «өзін-өзі дамыту, «өзін-өзі тану» арқылы медиатехнологияларды тиімді пайдалану арқылы креативтіліктің өзіне деген сенімділікті қалыптастыруының жолы екендігі сараланады.
МЕДИАТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КРЕАТИВТІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЕРДІҢ ӨЗДЕРІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланған June 2022
157
204
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
креативтілік, өзін белсендендіру, құзыретті, өзіне деген сенімділік, өзін-өзі қамтамасыздандыру, медиатехнологиялар.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Кошанова М., Какабаева Д., Абдиркенова А., Токкулинова Г., Кошанова Ж. МЕДИАТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КРЕАТИВТІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЕРДІҢ ӨЗДЕРІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ // Педагогика және психология. – 2022. – № 2(51). – С.225–234: DOI: 10.51889/2022-2.2077-6861.25 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/812 (дата обращения: 4.12.2024)