Уақыт көрсетіп отырғандай, Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту әдістері (ҚОӘ), қашықтықтан оқыту кезінде орта және жоғары оқу орындарындағы оқыту үрдісінде бейне дәрістер белсенді және табысты қолданылғанына қарамастан, пандемияға жеткілікті дайын болмады. Орта және жоғары оқу орындарында ҚОӘ-ні қолданудың 2 жылдық тәжірибесі бізге осы технологияның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға және оны дамытудың болашақ траекториясының контурларын анықтауға мүмкіндік берді. Пандемия кезінде қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері көптеген авторлардың еңбегінде терең талданып, төтенше жағдайларда қашықтықтан оқытуға балама жоқ екенін негіздеді. Біз мақаламызда осы еңбектерге сүйене отырып, ҚОӘ психологиялық-педагогикалық негіздеріне ерекше тоқталғымыз келеді. Өйткені ҚОӘ жағдайында психологиялық – физиологиялық процестердің танымдық қызмет технологиясын жеткілікті түрде қамтымайды.
Қашықтықтан оқытуда мектеп мұғалімдері мен университет оқытушылары ең алдымен, оқушылар мен студенттердің писхологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, берілген тақырыпты эмоционалды қабылдауға жағдай жасауы керек. Сенсорлық немесе эмоционалды қабылдаусыз білім күшті ассимиляциядан айырылады. Сонымен қатар, мұғалімдер мен оқытушылар психология саласында белгілі бір білімге ие болуы керек, өйткені үлкен компьютерлік жүктемелер кезінде студенттер әртүрлі психикалық ауытқуларға тап болуы мүмкін. Нормадан ауытқу байқалғанда мұғалімдер теріс және оң бағытты да білуі өте маңызды. Оң ауытқулар кезінде мұғалімнің рөлі уақытылы анықтаудан, содан кейін осы үрдісті шоғырландырудан және күшейтуден тұрады. Теріс ауытқулар болған жағдайда ауытқу себептерін мұқият талдау қажет. Бірақ мұны оқушы мен мұғалімді жақындастырмай, керісінше алыстататын компьютер арқылы қалай жүзеге асыруға болады? Бұл кедергіні қалай жеңуге болады? Бұл қаншалықты мүмкін? Мақалада осы сұрақтарға жауап алу үшін, оқушының терең қызығушылығы мен жоғары жауапкершілігі сублимацияның көрсеткіші бола алатындығы анықталып, зерттеу жүргізілді.