Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Педагогикалық мамандықта білім алушылардың аудармашылық құзыреттілігін қалыптастыру

Жарияланған September 2022

72

76

КазНПУ им.Абая
Аңдатпа

Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде ағылшын тіліне көшу шеңберінде педагог мамандарды даярлаудың оқу үдерісіне ғылыми негізделген көзқарас, атап айтқанда аударматану, лингводидактика, мәдениетаралық кәсіби коммуникация теориясы мен тәжірибесі саласындағы жетістіктерді пайдалану қажеттілігі туындап отыр.

Аталған  мақалада шетелдік және отандық әдебиеттердегі аударма құзіреттілігінің құрылымы және оның құрамдас бөліктерін ажырату критерийлері туралы дискуссиялық  мәселеге ғылыми шолу жасалған .

Автор ағылшын тіліндегі бейіндік пәндердің болашақ мұғалімдері ретінде педагогикалық мамандықтардың студенттеріне аудармашылық құзыреттіліктің моделін ұсынады. Бұл интегративті аудармашылық құзыреттілік келесідей құзыреттіліктерді қамтиды: оқытылатын пәндер шеңберіңдегі пәндік білімді қолдануды көрсететін пәндік құзыреттілік, қарым-қатынастың кәсіби педагогикалық саласында ағылшын тілін енгізуді көздейтін лингвистикалық құзыреттілік және мектеп оқушыларына білім беру барысында аударматану саласының теориялық және процедуралық білімдері қолданылатын интегративті стратегиялық құзыреттілік.

Аталмыш модель Абай атындағы ҚазҰПУ-дың педагогикалық мамандықта білім алушы студенттерге аударма теориясы мен тәжірибесі бойынша авторлық курстың тұжырымдамалық негізін құрайтыны атап өтілді. Әзірленген аудармашылық құзыреттіліктің интегративті құрылымы педагогикалық кадрларды даярлаудың оқу үдерісінде нақтылануға, сондай-ақ апробациялауға жататын анық болып табылады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Жумабекова А. Педагогикалық мамандықта білім алушылардың аудармашылық құзыреттілігін қалыптастыру // Педагогика және психология. – 2022. – № 3(52). – С.207–215: DOI: 10.51889/22.95.2022.63.57.022 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/698 (дата обращения: 25.11.2024)