Бұл зерттеу академиялық эссенің студенттер-болашақ шет тілі мұғалімдерінің сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға және бағалауға әсерін зерттеуге бағытталған. Академиялық эссе студенттердің сыни жазу дағдыларын дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылады. Студенттер академиялық жазу жазуда айтарлықтай қиындықтарға тап болып, сыни жазу дағдыларының әлсіздігін көрсетілген. Зерттеуде бұл мәселе сыни жазу дағдыларын дамыту процестеріне педагогикалық әсер етудің әдістері мен стратегияларының жиынтығын қолдану арқылы шешіледі: Коттрелл тапсырмалары, Р.Пол және Л. Элдер әдісі бойынша "мәтін логикасын бағалау" оқу тапсырмалары, кітаптар мен мақалаларға шолуларды талқылау, "brainwriting" амалы. Сонымен қатар, оқу дағдылары жазу дағдыларымен тығыз байланысы ескеріледі. Студенттердің сыни тұрғысынан ойлауын бағалау үшін М.Финкен мен Р. Эннис құрастырған бейімделген Иллинойс сыни ойлау Эссе-тесті қолданылды. Зерттеу нәтижелері академиялық эссенің студенттердің сыни жазу дағдыларын дамытуға оң әсерін көрсетті, болашақ шет тілі мұғалімдерінде кәсіби-педагогикалық бағыттағы сыни тұрғысынан ойлауын дамытуға қатысты қорытындылар мен ұсынымдар ұсынуға мүмкіндік берді.
Академиялық эссенің болашақ шет тілі мұғалімдерінің сыни тұрғысынан ойлауын дамытуға әсері
Жарияланған December 2022
134
168
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Мырзатаева Г., Алметов Н. Академиялық эссенің болашақ шет тілі мұғалімдерінің сыни тұрғысынан ойлауын дамытуға әсері // Педагогика және психология. – 2022. – № 4(53). – С.66–75: DOI: 10.51889/8090.2022.75.75.002 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/696 (дата обращения: 24.11.2024)