Мақалада Қазақстан Республикасындағы еріктілікті дамытудың қазіргі кезеңінің ерекшеліктері мен оны ЖОО қолдану тәжірибесі талданады. Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде «Instagram» әлеуметтік желісінің интернет-қауымдастықтарының деректері пайдаланылды.
Мақалада ЖОО білім алушыларын волонтерлық қызметке тарту, ынталандыруда әлеуметтік желінің рөлі мен пайдасы туралы қарастырылған. Волонтерлық қызмет тарихы, ҚР волонтерлық қызметті ұйымдастыру, ЖОО білім алушыларына Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұйымдастырылған ынталандырушы акциялар туралы толығырақ мәлімет берілген.
Зерттеудің тәжірибелік бөлімінде зерттеу базасындағы білім алушылардың ерікті қызметтегі белсенділігі анықталып, сол ұйымның ерікті ұйымдары мен ең жиі қолданылатын волонтерлық ұйымдарының әлеуметтік желілеріне контент талдау жасалынады.
Автор ЖОО студенттерін волонтерлық қызметке тарту үшін жаңа әлеуметтік технологияларды дамыту қажеттілігі туралы, әлеуметтік көмектің бұл түрі білім алушыларды біріктіру мен волонтерлық қызметтің кең таралуының бір түрі реті деп қорытындылайды.