Бұл жұмыстың мақсаты Қазақстан және Түркиядағы 1-ші сынып ана тілін оқытатын оқулықтарын пішімі мен дизайны тұрғысынан салыстырмалы зерттеу болып табылады. Оқулықтар білім берудегі ең тиімді қайнар көздерінің бірі. Ана тілінің байлығын, нәзіктігі мен сұлулығын сезінуде, тіл білу мен сүйіспеншілікке жетуде оқулықтардағы мәтіндердің маңызы зор. Оқулықтың көп бөлігі мәтіндермен оқу материалдарынан тұрады. Қазақстанның «Сауат ашу. 1-бөлім», «Сауат ашу. 2-бөлім» оқулықтарын және Түркияның «İlkokul 1. Sınıf İlk Okuma Yazma kitabı», «İlkokul Türkçe 1 Ders Kitabı» оқулықтарын салыстырмалы зертеуде: оқулықтардың физикалық құрылымдық сипаттамасына сәйкес оқулықтың көлемі, мұқабасы, түптелуі, беттер саны, түстердің қолданылалуы, қағаз текстурасы мен сапасы, қаріп стилі мен өлшемі анықталып, талдау жасалды.
Қазақстан және Түркияның 1-ші сынып ана тілі оқулықтарын пішімі мен дизайны тұрғысынан салыстырылмалы зерттеу
Жарияланған June 2020
115
106
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
сауат ашу; оқулық; пішім; дизайн; оқулық мұқабасы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Куралбаева А. Қазақстан және Түркияның 1-ші сынып ана тілі оқулықтарын пішімі мен дизайны тұрғысынан салыстырылмалы зерттеу // Педагогика және психология. – 2020. – № 2(43). – С.151–158: DOI: 10.51889/2020-2.2077-6861.20 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/68 (дата обращения: 22.11.2024)