Бүгінгі күні жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті бірінші орынға шығады. Оны шешудің басты құралы-тәрбие қызметінің барлық субъектілерінің (педагогтардың, ата-аналардың, балалардың) өзара бірлескен іс-әрекеті. Бұл жұмыстың мақсаты – бастауыш мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу үрдісінде мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасты орнату, үрдістің тиімділігін арттырудың мүмкін болатын жолдарын зерттеу.
Осы тақырыпты зерделегеннен кейін алынған нәтижелер бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынастың теориялық және практикалық негіздері, олардың көзқарастарында ортақ және ерекше белгілерді анықтау, сондай-ақ осы үрдісті жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады.
Бұл зерттеудің практикалық құндылығы мынада: бастауыш мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеудің ұсынылып отырған құралдары мен әдістерін ата-аналар да, мұғалімдер де баламен қарым-қатынас орнатуды жақсарту және сәйкесінше оған тиімді әсер ету, оқушыны қоғамдық қатынастардың толыққанды қатысушысы ретінде қалыптастыру үшін пайдалана алады. Бұдан әрі жұмыстың болашағы осы зерттеуде баяндалған және педагогикалық пен отбасылық тәрбие тұжырымдамасының мазмұнын тікелей ашатын қалыптасқан теориялық негізі бола алады.