Бұл мақалада авторлар вокалдық оқыту үдерісінде бакалаврлардың креативтілігін дамыту мәселесі бой- ынша психологиялық-педагогикалық зерттеулерге талдау жасалынған. Өткізілген жұмыс «креативтілік» және
«әншілік креативтілік» феноменінің психологиялық білімдегі дамуы мен қызмет етуінің жалпы үрдістерін анықтауға мүмкіндік берді. Музыкалық-педагогикалық білім берудегі вокалдық оқытудағы қазіргі қоғам жағдайында креативтілікті дамыту проблемасының маңыздылығы және практикалық өзектілігі ғылыми тұрғыдан әзірлеу қажеттілігін талап етеді. Вокалдық оқытуд тәжірибесіндегі бакалаврлардың креативтілігін дамыту процесі шығармашылық өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажетті механизмдерді, ұйымдастыру әдістері мен формаларын қолдана отырып, педагог пен білім алушының шығармашылық әрекеттестігіне, музыкалық өнердегі шығармашылығына негізделген.
Музыкалық-педагогикалық білім бакалаврының жеке тұлға ретіндегі креативтілігі еркіндікпен, үйлесімділікпен, мәнерлілікпен және вокалдық-орындаушылық шеберлікті меңгерудің жаңа тәсілдерін іздеуге ұмтылуымен сипатталады.