Бұл мақалада білім беру реформасындағы бағдарламалар сараланып, критериалды бағалауды білім беру жүйесіне енгізу қажеттіліктері қарастырылған. Сондай-ақ жаңартылған білім беру бағдарламасындағы ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлаудың мақсаты мен міндеттері, өз ерекшеліктері көрсетілген. Стандартқа сай оқушыда болу қажет дағдылар мен сол дағдыларды қалыптастырудағы XXІ ғасыр мұғалім құзыреттіліктері талқыланған. Бағалаудың барлық түрлеріне, түсінігі мен тәртібіне, сипаттамаларына жалпылай түсінік берілген.
Критериалды бағалау негізінде нені ескеру керек?, қалай жүзеге асыру керек деген сұрақтар төңірегінде нақты мысалдар және ғылыми дәлелдермен ашып көрсетілген. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны схемамен көрсетіліп, бағалау стандарттары, құралдары, бағалау үдерісі мен нәтижесі толық сипатталынған.
Критериалды бағалаудың құрылымына тоқталып қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың әдістемесі мен мазмұны ашылып жаңа идеялар қарастырылды.
Құзыреттілікті қалыптастыруда педагогикалық және психологиялық аспектілері зерттеліп негізделген. Бұл аспектілер бағалаудың маңызды тұжырымдасын айқындап пәндік дағдылар мен критериалды бағалаудың құндылықтарын қалыптастырды.